Алматы полициясы мопед мінген ұрыны ұстады

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Жетісу ауданы полициясының мәліметінше, ол ірі көлемде ақша ұрлыған.
"Полицияға кабельді сатумен айналысатын компанияның өкілі арызданған. Оның көлігінен 23 миллион теңге салынған сөмке жоғалып кеткен. Ер адамның айтуынша, ол көлігін аз уақытқа қалдырып кеткен. Қайта оралған кезде көлік әйнегінің сынғанын және сөмкенің жоғалғанын көрген. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнежүйелердің көмегімен жәбірленушінің әрекетінің хронологиясы қалпына келтіріліп, күдіктінің жәбірленушінің соңынан еріп, бөтеннің мүлкін ұрлау үшін қолайлы сәтті күтіп жүргендігі анықталды. Тергеудің бір нұсқасы бойынша, қаскөй біреудің айтуымен әрекет еткен болуы мүмкін. Іс мұқият тексеріліп жатыр", — деді Жетісу ауданы полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Мобильді болу үшін және дулыға астында байқалмау үшін күдікті мопедке мінген. Алайда жедел уәкілдер оны тез арада анықтап, ұстады.

"Ұрлық болған күннің келесі күні күдікті әйелімен бірге ұрланған купюраларды долларға айырбастаған. Бұл деректе бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", – деді Жәнібек Шынасылов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді