Астанада полиция қызметкерлері алаяқтық схемасын ашты

Фото: Zakon.kz
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қала тұрғындарынан ақша жымқыру мақсатында интернет желісінде металл сөрелерді дайындау және орнату бойынша қызмет көрсету туралы хабарландыру жариялаған, алайда әуел бастан өз міндеттерін орындайтын ойы болмаған.

Қылмыскер сөрелерді жасау сылтауымен азаматтар арасында өзінің шынайы ниеті туралы қате түсінік қалыптастырған.

Өзіне жүгінген клиенттердің сенімін асыра пайдаланып, қаскүнем оларды алдап, бөтеннің ақшасын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 36 жастағы азаматты анықтап, ұстады.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мұндай қылмыс жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды