Алматы облысының әкімдігі АЭС құрылысының басталғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Фото: pixabay
Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталды – Қазнетте осындай жалған деректер тарап жатыр. Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бейнероликте, болжам бойынша, "Google Maps" онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Ондағы нысандардың Атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды.

Бейнежазбада көрсетілген нысан 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым.

"Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды." Жанна Арынбекова

2014 жылы "Балқаш жылу электр орталығы" жобасын жүзеге асыру тоқтатылды.

Онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) өтінім жіберілді.

Үлкен елді мекенінің негізі 1984 жылы қаланған. 2022 жылдың маусым айында кент аумағы атом электр станциясын салу орны ретінде таңдалды. Қазақстанда атом электр стансасын салу мүмкіндігі туралы шешім референдумда қабылданады.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды