Шымкентте сұйытылған газды бөлгенде заңсыздықтарға жол берген

Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласында әкімдіктің лауазымды тұлғасы сұйытылған газды кәсіпкерлерге бөліп беру кезінде әділдетсіздік пен заңбұзушылыққа жол берген.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы мансабын пайдаланып, кейбір тұлғаларға ұсынысты кеш бергеніне қарамастан, өзгелерден бұрын сұйық отын алуына жағдай туғызған.

Тіпті арасында автогазды алдымен алып, ұсынысын соңынан тіркеген жәйттер де анықталыпты.

Бәсекелестікті қорғау заңын белшеден басқан басқарма басшысы ұсыныстарды қарау комиссиясының жұмысын бейнетаспаға түсіруді де жөн санамапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Кәсіпкерлерге тең жағдай туғызбағаны үшін оған 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

"Айтып өткен нәрселердің бәрі және басқа да құқық бұзушылықтар газ бөлу кезінде әділетсіздік, теңсіздік орын алғанына дәлел болды. Сол себепті басқарма басшысына хаттама толтырылып, айыппұл салынған." Ерлан Қосбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды