Полиция жүргізушіні тоқтатып, сөйлесу кезінде алкогольдің иісін айқын байқады. Оның жағдайын тексеру үшін қызметкерлер оны медициналық куәландыруға жеткізді.
Сараптама алкогольдік мас болудың орташа дәрежесін көрсетті. Белгілі болғандай 27 жастағы азамат туған күнін тойлап болғасын үйіне скутермен жетпек болған.
Полиция оны ұстап, уақытша ұстау бөлмесіне орналастырды, ал скутер айыппұл тұрағына жіберілді. Мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша іс материалдары сотқа жауапқа тарту үшін жолданды. Полиция азаматтарды жол ережесін бұзбауға шақырады.
Жыл басынан бері аймақта скутерлер мен мопедтердің қатысуымен 42 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 2 адам қаза тапты, оның ішінде жасөспірім де бар. Сондай-ақ 44 адам түрлі жарақат алды.