Алпауыт мұнай компаниялары жергілікті тауарларды сатып алады

Фото: kmg.kz
Еліміздегі "Қашаған", "Қарашығанақ" және "Теңіз" жобалары белсенді түрде кеңейіп келеді. Осыған байланысты алдағы уақытта қызмет көрсету мен құрылғылардың жоғары технологиялық түрлері қажет.

Үш ірі мұнай жобасының операторлары бұрын қажетті технологияларды сырттан әкеліп жүрген еді. Алайда дүниежүзіндегі ахуалдың әсерінен біраз қиыншылық туындаған.

Жолдың бағасы едәуір өскен, оның үстіне тауардың келетін уақыты да ұзарған. Сондықтан жергілікті тауар өндірушілерге басымдық берілмек, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазірдің өзінде мұнай компаниялары отандық кәсіпорындармен бірқатар келісімшарттарды бекіткен.

"Бизнес пен операторлармен осындай бір келісімге келдік. Қазақстанда осы кен орындарының қасында зауыттар соғылуы керек. Оның көптеген жағымды жақтары бар. Зауыттың қасында болады, уақытты, қаражатты үнемдейміз. Болашақта осы зауыттардың барлығы біздің елімізде соғылады." Дастан Әбішев, "IMB Орталық" бас директорының міндетін атқарушы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі