ІІМ құжаты және құқықтық мәртебесі жоқ азаматтарға көмектесіп жатыр

Фото: gov4c.kz
Биыл шілде айынан бастап ІІМ белгілі бір құқықтық мәртебесі жоқ, жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген адамдарды анықтау және оларға көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіп келеді.

Негізінен бұл санатқа белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, шалғай жерлер мен шаруа қожалықтарында тұратын, құқықтық сауаттылықтың төмендігіне және денсаулығына байланысты өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ адамдар жатады.

Жыл соңына дейін жалғасатын науқанды ІІМ Көші-қон қызметі комитеті мен оның аумақтық бөліністері Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының және бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен жүргізуде.

Бүгінгі таңда ел бойынша құжаттары жоқ 404 адам анықталды, оның 200-і Қазақстан Республикасының азаматтары, ал 14-і азаматтығы жоқ адамдар болып танылды. Қалғандарының құқықтық мәртебесі тексерілуде.

Егер құжаттары жоқ адамдар туралы білсеңіз, көші-қон қызметіне тұрғылықты жер бойынша хабарласуды сұраймыз. Оларға құқықтық көмек көрсету үшін әрбір аймақта жауапты қызметкер бекітілген. Сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне мына нөмірлер арқылы жүгінуге болады: +7 701 171 82 28, +7 717 72 40 73 және 71 44 10, – деді ведомствода.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды