Референдум күні дүниежүзіндегі ең кішкентай сарқырама маңындағы ауыл тұрғындары бірі қалмай, өз таңдауын жасады. Ауылда ғана емес, барша елдің өміріне тікелей әсер ететін мәселеге қатысты азаматтық парызын орындаған Ақсуат ауылының тұрғындары референдумды үлкен тойға айналдырды. Шағын тірлігін толық атқарып тастаған ауылдағы ағайын сайлау учаскесіне ағылды. Дауыс беріп болған жастар жағы бір-бірімен қауышып, арқа-жарқа болса, үлкендер қазанға піскен дәмі тіл үйірер бауырсақтан ауыз тиіп ел амандығына бата берді.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Осы күні Ақсуатта 34 үй, 180 тұрғын бар. Олардың 90-ны дауыс беру құқына ие. Бірақ жексенбі күні ауылдағы ағайынның бірі қалмай сайлау учаскесінен табылды.
Айта кетейік, Сарқырама тек ауылдың ғана емес, жалпы аудан, облыс табиғатының әсем әрі туристік тартымдылығы жоғары орын. Алайда тұрғындар ауылдың экологиялық жағдайына алаңдап, сарқыраманың болашағына қатысты шешім қабылдау қажеттілігін сезінеді. Референдумнан соң ақсуаттық ағайын сарқыраманың айналасында туристік инфрақұрылым салу, мейрамхана, қонақ үй және басқа да нысандардың құрылысын басталғанын қалайды.
"Референдум ел билігінің азаматтардың пікірімен санасатынының көрінісі. Бұл оқиға Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа кезеңнің бастамасы. Сонымен қатар табиғаттың сақталуы мен тұрғындардың денсаулығын қорғау мәселелерінің өзекті екенін де естен шығармаған жөн. Біздің ауылдың болашағы зор. Әсіресе, турист тартуға қолайлы. Болашақта турист саны артса, қосымша энергия көзі керек болады. Сол себепті ол мәселені бүгін шешкен абзал", – дейді ауыл тұрғыны.
Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақсуаттық ағайын әлемдегі ең кішкентай сарқырама мен оның айналасындағы экологиялық жағдай жақсартып, ауыл көркейе түскенін қалайды.