Референдум күні энергетик шаңырақ көтерді

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Орал қаласында ел тарихы үшін маңызды күні шаңырақ көтеріп, қол ұстасып дауыс беруге келген жас-жұбайлар көпшілікті сүйсінтті.

Бір ерекшелігі отау құрған азаматтың мамандығы – энергетик. Мұрат пен Гүлзинаттың таныстығы Мұрат- Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, ал Гүлзинат Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде еңбек еткен кезде басталыпты. Екі жас екі жылдан астам уақыт бірге жүріп, дәл осы референдум күні некелерін қидыруға бекініпті.

Бір қызығы, тойды жоспарлаған кезде олар бұл күн маңызды оқиға — атом электр станциясының құрылысы бойынша референдуммен сәйкес келетінін білмеді.

Отау құрған жастар той алдында алдымен референдумға арнайы келген.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулы датамен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз. 5-10 жыл өткеннен кейін сайлау күні шаңырақ көтерген едік деп еске алып отыратын шығармыз. Референдумда дауыс беру – Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың міндетті, парызы деп есептеймін. Себебі, біздің мемлекетіміздің болашағы", — дейді жас жұбайлар.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қалада 130 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде — 14 жабық сайлау учаскесі.

Жабық сайлау учаскелері — қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т.б. азаматтар үшін жұмыс істейді.

Жалпы Орал қаласындағы сайлаушылар тізіміне 444 428 мыңнан астам адам енгізілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді