ҚР Бас прокуратурасының өкілі: Референдум барысында екі заң бұзушылық орын алды

Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Муканов
Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс беру кезінде екі заң бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазанның 6-сы күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Бекжан Қараманов мәлім еткендей, референдум тыныш жағдайда өтіп жатыр. Дегенмен екі заң бұзушылық тіркелді.

"Бірінші бұзушылық жеке тұлғаның заңсыз қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізуіне қатысты.Бұл үшін азамат ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігімен жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Екіншісі – заңсыз үгіт-насихат жүргізу. Азаматқа осы кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салынды. Екі жағдайда да құқық бұзушылар кінәларын мойындады", — деді Бекжан Қараманов.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев елдегі әлеуметтік жағдайдың тұрақты екенін айтты. Тәртіпті өрескел бұзу фактілері жоқ.

Бұған дейін Астанада сайлаушылар тізімін видеоға түсірген байқаушыны сайлау учаскесінен алып тастағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды