Босния және Герцеговинада тасқын мен лай көшкінінен 18 адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Босния және Герцеговинаның орталық бөлігінде алапат тасқын болып, лай көшкіндерінен 18 адам қаза тапты. Тағы бірнеше тұрғын жоғалып кетті.

Соңғы мәліметке қарағанда, елде төтенше жағдай жарияланған. Ал кейбір қалалар мен ауылдарды толық су басты.

Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Апатқа төпелеп жауған жаңбыр себеп болды. Бірқатар аудандарда судың деңгейі үйлердің шатырына дейін көтерілген.

Елге Хорватия, Сербия, Солтүстік Македония және Еуропа одағының мемлекеттері көмек жөнелтіп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетсек, қазір көршілес Черногория мен Хорватияға да тасқыннан қауіп төніп тұр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті