Ақтөбеде полиция жеті көліктен ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері автокөлік ұрлығын ашу бойынша жедел іс-шараларды өткізу барысында 23 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті түнде құлыпты бұзу және әйнектерді сындыру арқылы көліктерден ұрлық жасаған. Күдіктінің жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Жігіт телефондар мен қолма-қол ақшаны иеленіп отырған.

Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді. Автокөлік иелеріне келтірілген залал есептелуде.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді