Өскеменде жол ортасында билеп, видеоға түскен тұрғын жауапқа тартылды

Сурет: ҚР ІІМ
Өскеменде жол ережесін бұзған тұрғын анықталды. Тәртіп бұзушы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Алайда заң бұзушылықты байқаған қала тұрғындары бұл әрекетке бейжай қарамады. Оның жарияланымын бірнеше желі қолданушылары ШҚО полиция департаментінің Instagram парақшасындағы direct-ке жолдаған.

Кадрларда іс-әрекетімен өзінің де, өзгенің де өмірін қауіп-қатерге тігетінін түсінбей, ережені өрескел бұзған әйел адамның жол ортасында қоссызықты жолақ бойымен жүріп бара жатқаны көрінген. Полицейлер жол жүрісі қағидасын бұзған Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді.

ШҚО полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген бұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды