Ресейдің бірнеше өңірінде орман өрті дес бермей тұр

Фото: akorda.kz
Ресейдің оннан астам өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Қазақстанмен шекаралас Рязань, Алтай өңірлерінде жағдай қиын.

Мәселен Рязань облысында қызыл жалын елді мекендерге қауіп төндіріп жатыр. Қатты жел мен аптап ыстықтың салдарынан өрт Воскресеновка және Ижевское ауылдарына тарады.

Воскресеновкада өрттен 10 үй жанып кеткен. Алтай өңірінде де өрт қаупі кем дегенде 11 қазанға дейін сақталады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Рубцовский ауданы, Захарово ауылының маңында шөп өртеніп жатыр. Оны сөндіруге Алей өзені кедергі келтіруде. Бір күнде 45 өрт тіркелді. Жағдай бақылауда." Игорь Весняцов, ТЖ қызметкері

Ресейден Қостанай облысының аумағына өткен өрт сөндірілді. Жітіқара ауданында 1400 шаршы метр аумаққа жайылған отты құтқарушылар мен шекара қызметінің мамандары жедел қимылдап, ауыздықтап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Сақтандыру қызметіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Аптап, жаңбыр және бұршақ: 7 тамызға арналған ауа райы болжамы

Мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі түсіндірілді

Қазақстандықтарға пойызға алып жүруге тыйым салынған заттар ескертілді