Сараптамалық кеңестер "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам өтінішті қарады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өтініштер мәслихат депутаттарының, қоғамдастық өкілдерінің, құрылыс және абаттандыру саласы мамандарының қатысуымен әр аудан әкімдігі жанынан құрылған сараптамалық кеңестерде сарапталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылар келіп түскен өтінімдерді белгіленген санаттар бойынша "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасының талаптары мен өлшемшарттарына сәйкестігіне, нобайы мен болжалды сметасының болуына баға берді. Енді әрбір өтінім үш мәртебенің бірін алады: "Дауыс беруге жіберілді", "Қайта қарауға жіберілді" немесе "Қабылданбады". "Халық қатысатын бюджеттің" барлық ережелеріне сәйкес берілген өтінімдер мақұлданады және дауыс беру кезеңіне жіберіледі.

Қайта қарауға жіберілген ұсыныстардың авторлары ағымдағы жылдың 10 қазаны мен 14 қазанын қоса алғанда, өз жобаларын түзетіп, қайта қарауға өтінімдер беру мүмкіндігіне ие болады.

Авторлар budget.open-almaty.kz интернет-порталында тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекен-жайына өтінімді пысықтау қажеттілігі туралы хабарлама алады. Дауыс беруге жіберілген жобалар "Жобалар" бетінде "мәртебе" сүзгісі арқылы жарияланады.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша кеңес немесе ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Open Almaty Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық қабылдауынан 224-39-29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды