Ішкі істер министрлігі басшысының бұрынғы орынбасары Марат Қожаев Сенат депутаты ретінде ант қабылдады

Сурет: видеодан скриншот
2024 жылғы 10 қазанда палатаның жалпы отырысында Сенат депутаты болып тағайындалған Марат Қожаев Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Марат Қожаевты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор етіп тағайындағанын еске салды.

"Сізді сенатор болып тағайындалуыңызбен құттықтаймыз және депутаттық қызметіңізге табыс тілейміз. Ел мүддесі жолындағы жемісті еңбектеріңізге сенім білдіреміз. Марат Қожаев Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып жұмыс істеуге ниет білдірді", — деді Әшімбаев.

Ол конституциялық нормаларға сәйкес тағайындалған депутат ант беруі керектігін атап өтті.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", — деді Марат Қожаев.

2024 жылғы 4 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қожаевты Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатып, Парламент Сенатының депутаты етіп тағайындады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Көлік министрлігі ақпараттық жүйені пайдалануды 2027 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатты

"Қорғас" ШЫХО кіру және шығу үшін қандай құжаттар қажет: Қазақстан азаматтары үшін маңызды ақпарат

Кесек жеудің кесірі бар ма?

"Әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де". Садраддиннің әні көпті ойлантып тастады

Оралдың бір бөлігін қою түтін басты: қалада төтенше жағдай режимі енгізілді