Абай облысында полиция қызметкері өртті тоқтатып, отбасы мүшелерін құтқарып қалды

Сурет: ҚР ІІМ
Бородулиха ауданында полиция қызметкерінің шұғыл әрекетінің арқасында өртті тез арада тоқтатып, адам шығынын болдырмады.

7 қазанда сағат 01:15 шамасында табиғатты қорғау полициясының инспекторы. Ерасыл Сыдыков кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатып, Крупская көшесінде түтінді байқап қалады. Ол бірден көлігін тоқтатып, оқиға орнына бет алады.

Анықталғандай, Бородулиха ауылы Крупская көшесі 137 мекенжайындағы жеке үйдің шатыры жанып жатқан еді. Ерасыл Сыдыков тез арада №12 өрт сөндіру бөлімшесінің диспетчерлік қызметіне хабарласып, өрттің нақты мекенжайын жеткізді.

Өрт сөндірушілер келгенше уақытты босқа өткізбей, ол әрекет ете бастады. Полицей үй иелерін ояту үшін терезелер мен есіктерді қағып, іште адамдардың бар-жоғын анықтауға тырысты, алайда ешкім жауап бермеді. Оқиғаның қауіптілігін түсініп, тәртіп сақшысы терезені сындырып, үйге кірді.

Ол барлығын оятып, отбасы мүшелерін қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы дер кезінде жетіп, өртті сөндірді. Ерасыл Сыдыковтың сауатты және батыл әрекеттерінің арқасында адам шығынын болдырмауға және шығынды азайтуға мүмкіндік туды. Өрттен аман қалған үй иелері полицейге шексіз алғыстарын білдірді.

— Менің орнымда кез келген адам осылай жасайтын еді. Ең бастысы, ешкім зардап шеккен жоқ, — дейді Ерасыл Сыдыков.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты