Түркістан облысының тұрғындары полицияға 181 қару тапсырды

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды.

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр.

Акция барысында облыстың 149 тұрғыны полиция органдарына тіркелмеген 181 қаруды, оның ішінде 160-тан астам тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру үшін оның техникалық жағдайына байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін төлем қарастырылған.

Осылайша атыс қаруын өз еркімен тапсырған 80-нен астам азаматқа 8 млн теңгеден астам қаражат төленді.

Сонымен қатар тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын акцияға түсіністікпен қарауға және белсенді қатысуға шақырады.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек