Түркістан облысында полицейлер 10 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне 10 млн теңге қарызы бар Toyota Corolla автокөлігі бойынша дабыл түсті.

Полиция "Қорғау – қауіпті жүргізуші" бағдарламасы арқылы анықтаған көлікті Сайрам – Ақсукент тас жолы бойында тоқтатады.

Белгілі болғандай, көлікті сақтандыру полисі бойынша әйел басқарған. Тексеру кезінде көлік оның күйеуінің атында және ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты.

Ол мамыр айынан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен.

"Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 10 миллион теңге қарызы бар екені анықталды. Көлікті арнайы айыптұраққа орналастырдық. Қарызының өтелуі бойынша сот орындаушының рұқсаты келмейінше көлік сол жерде тұрады", – деді облыстық патрульдік полиция батальонының командирі Алмас Мырзахметов.

Полиция облыс тұрғындарына қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заң аясында шара көрілетінін хабарлайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда