Прокурорлар Жаңаөзен қаласының 152 мың тұтынушының құқықтарын қорғады

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокурорлары Жаңаөзен қаласына қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарғаны үшін тұтынушылар төлейтін қызметтердің құнын арттыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, осы қызметтер үшін жалпы сома қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму үшін барлық тарифтердің қосындысы есебінен қалыптастырылады.

Осылайша, қала тұрғындары үшін тариф 433,46 теңгені құрайды, оның 87,87 теңгесі қалдықтарды сұрыптау үшін алынды. ​

Сонымен бірге 2023 жылғы қарашадан бастап қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүзеге асырылмаған.

"Яғни, 152 мыңнан астам тұтынушы, оның ішінде 1556 шаруашылық жүргізуші субъектілер жалпы сомасы 117 млн теңгеге қызмет ақысын артық төледі." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес қалдықтарды сұрыптау тарифі тоқтатылды, негізсіз өндірілген сомалар қайта есептелуде.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кінәлі лауазымды тұлғасы тәртіптік жауаптылыкқа тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті