Алматыда күндіз неге шам жанып тұратынын "Алматы Қала Жарық" түсіндірді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Алматы Қала Жарық" компаниясы қалада кейде шамның күндіз неліктен жанып тұратынын түсіндірді.

"Алматы Қала Жарық" МКК басшысы Игорь Мысик zakon.kz сайтына берген сұхбатында айтқандай, 90% жағдайда бұл шам ауыстыру, желіні тексеру, үзілген немесе қысқа тұйықталу орындарын анықтау сынды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты.

Сондай-ақ, ол сыртқы жарықтандыру қызметі аудандық әкімдіктерге берілгеннен кейін мәселенің әлдеқайда жылдам шешіліп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта 40-тан астам жөндеу бригадасы жұмыс істеуде, жұмыстар тәулік бойы, демалыссыз жүргізіледі, соның арқасында өтінішті қарау мерзімі бірнеше есе қысқарды және әрі кетсе ең көп дегенде екі апта уақыт алады. Бірақ біз оларды одан да тезірек орындаймыз", – деді ол.

АҚЖ бүгінде сапасыз әрі арзан шам сатып алудан бас тартты, өйткені олар күңгірт жарық беріп, тез істен шығады. Алайда Игорь Мысиктің айтуынша, бұған дейін осындай өнімді жеткізген компаниялар тендерге қайта қатысуға тырысып жатыр.

"Кейде тендер нәтижесін жоюға тура келеді, бұл сотқа жүгінеміз, қоймамыздағы шамдардың таусылуына әкеледі. Сол кезде тұрғындардың өтініштеріне уақытылы жауап бере алмаймыз", — дейді ол.

Мысик қазіргі уақытта қажетті мөлшерде шамдардың бар екенін және өтінішті орындауда ешқандай мәселе жоқ екенін жеткізді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз