Астанада саунаның әкімшісі кассадан үш миллион теңге жымқырған

Сурет: polisia.kz
Астанада саунаның әкімшісі үш миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда полициясына 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті.

Саунаның иесі кассадан шамамен үш миллион теңге жымқырылғанын хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аталған мекеменің 34 жастағы әкімшісі бұл іске күдікті ретінде анықталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел жұмыс барысында келушілерден түскен ақшаның бір бөлігін кассаға салып, қалғанын өз шотына аударып отырған. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды