Алматы хайуанаттар бағы қазақстандықтардан шимпанзе Лолаға байланысты көмек сұрады

Сурет: Алматы хайуанаттар бағы
17 қазанда Алматы хайуанаттар бағы су жаңа бейнемен бөлісті. Онда бақ қызметкерлері қазақстандықтарға бір шимпанзеге қатысты сұрақпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сүйенсек, зообақтағы шимпанзелер ойыншықтарды өте жақсы көреді. Мәселен, Паша есімді маймыл берілген доптармен бірден ойнап үлгерді.

"Біздің шимпанзелер ойыншықтарды өте жақсы көреді. Бұл жолы оларға доп берген болатынбыз. Паша бірден қызығушылық танытып, тіпті доптың ішін көріп үлгерді. Ал Лола, нағыз ханым ретінде, доптардың артынан жүгірмейді! Жалпы, оны басқа бір нәрсемен қызықтыру керек",- деп жазды зообақ өкілдері.

Осыған байланысты оқырманға Лоланы немен қызықтыруға болатындығын сұрап жүгінді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында бруцеллездің қауіпті бес ошағы анықталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді