Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Сурет: gov.kz
2024 жылғы 18 қазанда Мемлекет басшысы Айдос Рысбаевты Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 18 қазан күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", — деп жазылған ресми құжатта.

Айдос Рысбаев осы жылдар ішінде Астана полиция департаментінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

2023 жылдың қарашасынан бастап Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылғы 7 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Әленовті Қазақстан Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз