СҚО-да полицейлер төрт күн ішінде 23 мас жүргізушіні анықтады

Фото: pexels
СҚО-да полицейлер төрт күн ішінде облыс жолдарында 23 мас жүргізушіні анықтады. Көлікті мас күйде басқарған жүргізуші – қауіпті адам.

Мас күйінде ЖКО фактілерін болдырмау үшін полиция қызметкерлері үнемі акциялар мен жедел алдын алу іс-шараларын өткізеді.

14 қазаннан бастап СҚО аумағында "Мас жүргізуші" ЖПІШ өткізіліп жатыр. Оған 400-ге жуық патрульдік полицияның, учаскелік полиция инспекторы және өзге де полиция қызметтерінің қызметкерлері қатысып жатыр.

"Жол қауіпсіздігін нығайту бойынша күшейтілген жұмыстың түбегейлі маңызы бар. Өткен жылмен салыстырғанда оң өзгеріске қол жеткізілді. Өткен жылы 9 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Жыл басынан бастап мас автокөлік жүргізушілері 13 жол-көлік оқиғасының себепкері болды, онда 16 адам жарақат алды", – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.

4 күн ішінде облыс жолдарында мас күйінде 23 жүргізуші ұсталды. Барлығы 1295 түрлі жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде жылдамдықты асырудың 148 фактісі және жаяу жүргіншілерге көлік қозғалысына артықшылық бермеудің 37 жағдайы анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі