Бағдат Мусин ерекше отбасылық дәстүр жайлы айтты

Фото: primeminister.kz
"Қазақтелеком" АҚ басшысы Бағдат Мусин оқырмандарын жан жылытарлық отбасылық бейнемен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мусин 20 қазанда өзінің Instagram парақшасында ұлының домбырада ойнап жатқан бейнесін жариялады.

"Балам жексенбі күнін күтіп, мектепте не үйренгенін бізге көрсетіп жатыр. Мақсат бір жағынан оның еңбегін бағалау болса, екінші жағынан інісіне де үлгі көрсету. Мейлі дәл қазір ұқпаса да, кейін домбыраның үнін бойына сіңдіріп өседі. Қадір Мырза Әлі айтпақшы "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра!",- деп жазды Мусин.

Сондай-ақ, ол күйбең тірліктің арасында балалармен уақыт өткізудің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

"Біздің отбасымызда жақсы дәстүр бар — әр жексенбіні не болса да бәріміз бірге өткіземіз. Осы күнді асыға күтеміз. Сол себептен, біз үшін жексенбі — кішкентай мейрам, отбасылық мереке күні. Сіздердің де үйде домбыра үні шырқалып, балалар асыр сап ойнап, ата-анаңыз олардың қылықтарына тоймай отыра берсін! Отбасымыз аман болсын!". Бағдат Мусин

Бұған дейін Бағдат Мусин Lenovo компаниясының мемлекеттік органдармен байланыс директоры Ермек Жақыпжановтың өліміне қатысты пікір білдірген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды