Нью-Йорктегі Уолл-стритте Қазақстан туы салтанатты түрде көтерілді

Сурет: Instagram/advokatzhanna, TikTok/arkenavan
Республика күніне орай Нью-Йорктегі Уолл-стритте Қазақстан туы көтеріліп, Әнұран да орындалды. Айтулы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде бүгін, 2024 жылдың 23 қазанында пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты шараның видеосымен АҚШ-та жұмыс сапарымен жүрген танымал адвокат Жанна Уразбахова желіде жариялады.

"Нью-Йоркте, Уолл-стритте Қазақстан туы салтанатты түрде көтерілді. Шараға қала әкімі мен біздің дипломаттар қатысуда. Патриоттық сезімге кеңелдім", деп жазды ол.


Сондай-ақ, тура осындай видеомен Алматыдан Нью-Йоркке көшіп барған фотограф Аркен Аван да бөлісті. Ол іс-шараға домбыраны күмбірлетіп,  ұлттық әндер шырқаған қазақстандық әскерилері мен әртістерін көргенін айтты.

Қонақтарға ҚР туы бейнеленген қазақстандық шоколад пен печенье таратылған.  

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы