Жалған Қазақстан төлқұжаты бар шетелдік азамат шекарадан өтпек болған

Фото: gov4c.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін, 2024 жылғы 24 қазанда жалған төлқұжаттарды анықтау туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК берген ақпаратқа сүйенсек, 12 қазанында ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады.

Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.

2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды.

2024 жылдың 11 қазанында Қазақстанда саусақ іздерін алу және геномдық тіркеу ережелері бекітілгені белгілі болды.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі