Қостанай облысында өнеркәсіптің өсуі 6%-ға төмендеді

Фото: wikimedia/Сергей Наруков
Қостанай облысында геосаяси оқиғаларға байланысты өнеркәсіптің өсуі 6%-ға төмендеді. Бұл логистикадағы келесі қиындықтарға байланысты: жүктерді шет мемлекеттердің аумақтары арқылы жөнелту және жеткізу, деп хабарлайды Zakon.kz.

kstnews.kz ақпараты бойынша, аппараттық кеңесте Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл бағытта шаралар қабылданып жатқанын айтты. Мысалы, металлургия саласында болат прокатының көлемі 7,5%-ға ұлғаяды, сондай-ақ тракторлар өндірісі 10%-ға ұлғаяды.

Сондай-ақ, облыста Беларусь тракторларына арналған кабиналар өндірісі басталды. Жыл соңына дейін 250-ден астам кабинаны шығару жоспарлануда. Мұнымен қоса, ағымдағы жылдың қыркүйек айында шойын құю зауытының техникалық іске қосылуы жүргізілді.

Биылғы жылы үш мың тоннадан астам өнім шығару жоспарлануда. Құмар Ақсақалов өндірісті әртараптандыру да маңызды екенін атап өтіп, өңірлердің әкімдеріне жаңа әлеуетті инвесторларды тұрақты негізде пысықтауды тапсырды.

Бұған дейін СҚО полицейлерінің Арменияда адам өлтіруге оқталған күдіктіні ұстағаны белігілі болды

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев