Павлодар облысында трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қазанда Омбы-Майқапшағай трассасында Аққулы ауылына жақын жерде МТЗ-82 маркалы трактор мен Lada Granta автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы зардап шекті. Көліктер айып тұрағына қойылды. 

"52 жастағы әйел мен 5 жасар ер бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал 11 жастағы қызды алдымен аудандық, кейін жағдайының күрт нашарлауына байланысты медициналық авиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деді облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметінде. 

Зардап шеккен қызға жабық бас жарақаты, төменгі жақтың ашық сынуы, бірнеше сүйектердің сынуы, ішкі ағзалардың зақымдануы деген диагноздар қойылды.


"11 жасар қыз өте ауыр жағдайда комада жатыр. Тиісті емдік шаралар көрсетілуде", - деді облыстық балалар ауруханасында.

Айта кетейік, полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексерісті бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі