Мәди Такиев Әбіқаевтың орнына Қазақстан волейбол федерациясын басқарады

Сурет: Павел Михеев
Қаржы министрі Мәди Тақиев Қазақстан волейбол федерациясын (ҚВФ) басқарады. 1998 жылдан бері Нұртай Әбіқаев волейбол федерациясының президенті болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) қорытынды есеп беру конференциясы өткізіліп, онда ұйымның жаңа президенті болып Мәди Такиев сайланды. Мәди Төкешұлы Нұртай Әбіқаевты алмастырып, федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқаратын болады.

Бұл ретте отандық спорт қауымдастығының жаңа басшысы делегаттарға сенім білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Нұртай Әбікаевқа федерацияның құрметті президенті болып, ҚВФ қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды.

Сондай-ақ Мәди Такиев жиналғандарға Мемлекет басшысының еліміздегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарауды тапсырғанын еске салды. Айталық, клубтар мен федерациялар Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып, демеушілердің тізімін қалыптастыруды бастауға тиіс. Бұған қоса федерация президенті жергілікті спортшыларды даярлауға жіті көңіл бөлу қажет екенін айтты.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Алматы облысында мемлекетке қайтарылған жерлерде құны 60,2 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылмақ

Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

"Balapan"-ның күзгі базарлығы