Алматыда ықтимал су басып қалуды болдырмау үшін арнайы техника дайын

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 27 қазанда түнгі сағат 3-тен бастап жаңбыр жауа бастады, ол 28 қазан күнгі кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы берген апаратқа сай, қалада 12 мм жауын-шашын, Каменское платода 23 мм жауын-шашын болды.

28 қазандағы жағдай бойынша Алматыда қазан айында 61 мм түсті, айлық нормасы 50 мм, бұл 122%-ды құрайды.

ТЖ-дың жедел кезекшісінің ақпараты бойынша басып қалу фактісі тіркелген жоқ.

Ықтимал су басып қалудың алдын алу және жою мақсатында мотопомпалармен, багралармен және басқа да қажетті құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Арық өткелдеріндегі кездейсоқ қоқыстардың барлық кептелістері 15-20 минут ішінде жойылады.

470 бірлік арнайы техника мен 1020 жол жұмысшысы жұмылдырылды, 2,1 мың қап құм дайындалды.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша бүгін кешке дейін қалада биіктігі 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады, сағат 11-ге дейін қатты жауын болады, кейін біртіндеп бәсеңдей. Тауларға қар түседі. Солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с. ауа температурасы +6...+ 8°С.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз