Түркістан облысында таныстарын оқуға түсіріп беремін деп алдаған әйелдің ісі сотқа өтті

Сурет: polisia.kz
Кентауда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, күдікті әйел танысын оқуға түсіріп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 600 мың теңгесін алған. Алайда қанша уақыт өтсе де, уәдесін орындамай, алған ақшаны жеке бас пайдасына жаратып жіберген.

Тәртіп сақшылары күдікке ілінген әйелдің бұдан бөлек дәл осындай алаяқтыққа қатысты екі жайтын анықтады. Жәбірленушілерге 3 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді