Келісімшартпен әскери қызмет атқарушылардың жалақысы үш жыл бойында 60%-ға өседі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы Сұлтан Камалетдинов 2024 жылғы 30 қазанда келісімшартпен әскери қызметін өтеушілерге қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұлтан Камалетдинов солдат, сержант және офицерлік құрам лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүргендердің ақшалай қаражатын ұлғайту көзделіп отырғанын жеткізді. 

"Үш жыл ішінде жалпы өсім 60%-ға артады. Сонымен қатар қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар әскери қызметшілер үшін жеңілдіктер қарастырып жатыр. Атап айтқанда, жылына бір рет берілетін демалыс кезінде жол ақысын тегін ету, полигонға шыққандарға өтемақы қарастыру, коммуналдық қызметтердің ақысына қатысты жеңілдіктер. Бұл мәселелер әлі де пысықталып жатыр", - деді ол.

Ол жалақыға қосылатын нақты соманы атамады, бұл әскери қызметкердің лауазымына байланысты көрінеді.

"Мәселен, қазір келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметкер кем дегенде 90 мың теңге алады. Бұл - біздегі ең аз жалақы", - деді қорғаныс вице-министрі.

2024 жылы 30 қазанда Мәжіліс депутаттары еліміздің қорғаныс саласына қатысты "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" және "еріктілер" деген жаңа ұғымдар енгізілетін заң жобасын мақұлдады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме