Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 31 қазанда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-18 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр мол жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.

Павлодар облысының батысында, орталығында тұман, облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ.

Қызылорда облысының орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с болады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс, оңтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/c-ке дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: