Алматыға АҚШ-тан 60 миллион теңгенің гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар жөнелтілді

Сурет: pixabay
2024 жылдың 1 қарашасында Бас көлік прокуратурасы жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын контрабандалық тауардың мемлекет кірісіне айналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайында кедендік бақылау кезінде осындай екі жағдай анықталды.

"Пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды. Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді", — деп жазылған ведомтсва ұсынған ресми ақпаратта.

Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған