Түркістан облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті патрульдеу қызметтерінен бөлек, әлеуметтік желілерге де тұрақты мониторинг жүргізіп отырады.

Осындай кезекті бақылау кезінде полицейлер бірқатар заң бұзушылықтарды анықтап, оны жасаған жүргізушілерді шұғыл тауып, жауапқа тартты.

Нақтырақ айтсақ, патрульдік полиция тобының назарына Алматы – Ташкент – Термез тасжолында кортеж ұйымдастырған бірнеше көлік ілікті.

Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы жол ережесін бұзып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтірген көліктер іздестірілді.

Нәтижесінде бейнежазбадағы 2 бірдей Mersedes-Bens көлігінің жүргізушілері анықталды. Бұл екі жүргізуші Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Жол қозғалысы ережесін бұзған көлік тізгіндеушілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жас жігіттерге хаттама толтырылды.

Бұдан бөлек, бейнежазбадағы басқа да көлік жүргізушілерін тез арада тауып, жауапқа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуға және жол ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды