Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластаған 13 мыңға жуық тұлға анықталды

Сурет: polisia.kz
Биыл Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін 13 мыңға жуық тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде қоқыс тастау жайттарын жедел басқару орталығының камераларының көмегімен де анықтайды.

Жыл басынан бері Шымкентте аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау заңнамаға сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалған болса, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді