Әйел сотталған адаммен кездесу үшін жалған құжат жасаған

Фото: Zakon.kz
Өскеменде әйел адам жалған неке туралы куәліктің көмегімен ұзақ уақытқа сотталған азаматқа түрмеге кірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше күнге созылатын кездесу түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың тек жақын туыстарына ғана ұсынылатыны белгілі.

"Алайда, 33 жастағы әйел адам мекеме қызметкерлерін алдап мекеме ішіне кіру үшін өз айласын ойлап тапқан. Ол мекемеге кіруге рұқсат алу үшін неке туралы куәлікті қолдан жасаған. Осылайша түрменің тексеру орнындағы қызметкерлеріне неке туралы куәлік ұсынған. Алайда қырағылық танытқан мекеме қызметкерлері құжаттың жалған екенін байқаған. Текмеру барысында кездесуге келген әйел адамның сотталғанның ресми түрде некеде тұрмағаны анықталды. Азаматшаның өзі бұл дерек бойынша түсініктеме беруден бас тартты", — деп түсіндірді облыстың ҚАЖ Департаментінің ресми өкілі әділет майоры Салтанат Ожиканова.

Жалған құжат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды