МКД Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы жүк көліктерінің кептеліс себебін түсіндірді

Фото: unsplash
Мемлекеттік кірістер комитеті, "Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Құрманғазы өткізу пунктінде көлік құралдарының жиналуының пайда болуы туралы" ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Деректерге сүйенсек, 2024 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша Атырау облысының "Құрманғазы" өткізу пунктінде Ресей Федерациясына баратын маршрут бойынша 280-ге жуық жүк автокөлігі жинақталған.

"Кептелістің себебі "Атырау-Астрахань" тас жолында жөндеу жұмыстарының аяқталуы болды, бұл көлік құралдарының санының күрт өсуіне әкелді".Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Алайда, аталған өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 200 АКҚ құрайды.

Ал өткізу пунктіне күн сайын шамамен 250-300 АКҚ келеді.

Мәселені жедел түрде шешу үшін Атырау облысы бойынша МКД пунктінде жұмыс істейтін мамандар саны 14 қызметкерге дейін ұлғайтылды.

"Мемлекеттік шекаралар арқылы, оның ішінде Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің көмегімен жүру маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Түркістан облысында өткізу бекеттеріндегі көлік кептелісіне не түрткі болғаны белгілі болды. МКД мамандарының ақпаратынша, электр энергиясы сөнгеннен сәттен кеден бекеттеріндегі байланыс нашар болып, бұл кедендік ресімдеуге және біріктірілген бақылау жүйесінің, оның ішінде электронды кезектің жұмысына кедергі келтірді. Бұл көліктердің екі бағытта да қозғалысының тоқтап қалуына және бақылау-өткізу бекеттерінің алдында көліктердің жинақталуына себеп болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды