Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді

Фото: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылғы 6 қарашада ҚР Үкіметінің отырысында соңғы үш жылда Қазақстанда мүгедек балалардың саны артқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі 732 мың адам тұратынын, бұл халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайтынын атап өтті.

"Оның 57%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 27%-ы зейнеткерлік жастағы адамдар, 15% — балалар. 18 жастан асқан жастар арасында аурудың нозологиялық формаларының құрылымында психикалық бұзылулар, қан айналымы жүйесінің аурулары, барлық локализацияның жарақаттары басым. Ал балалар мүгедектігі бойынша жүйке жүйесінің аурулары, туа біткен ақаулар, психикалық бұзылулар басым", — деді Светлана Жақыпова.

Оның айтуынша, жүргізілген талдау соңғы үш жылда балалардың мүгедектігі 11%-ға өскенін көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың көпшілігі 7 жастан 18 жас аралығында.

"Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар базалық және міндетті деңгейде жүзеге асырылады. Жыл сайын республикалық бюджет пен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жиынтық шығыстары шамамен 22%-ға ұлғаяды. Биыл олар 748,5 млрд теңгені құрады", – деді министр.

Бұған дейін Маңғыстау облысындағы онкологиялық науқастарға мүгедектік пен жәрдемақы берілмегені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді