Маңғыстауда 700-дей науқас жәрдемақыдан айырылған

Фото: Zakon.kz
Маңғыстауда қатерлі дертпен ауыратын 700-ге жуық науқас мүгедектік пен жәрдемақыдан айрылған. Өйткені емдеуші дәрігерлер науқастарды тіркелген жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген.

Ал заң бойынша 3-ші, 4-ші санаттағы "Д" есебінде тұрған, онкологиямен ауыратын және паллиативтік көмек алатын науқастар міндетті түрде аталған сараптамадан өтуі тиіс, деп жазады qazaqstan.tv.

Сол арқылы оларға мүгедектік, әлеуметтік жәрдемақылар мен басқа да жеңілдіктер тағайындалады.

Заң бұзушылықтар анықталғаннан кейін ғана, денсаулық сақтау басқармасы науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге жібере бастаған.

"Талдау нәтижесінде осы санаттағы өңіріміздегі барлығы 1704 науқас тіркелген екен. Алайда олардың ішінде 661 науқас медициналық әлеуметтік сараптамаға уақытылы жіберілмеді. Бұл өте үлкен қателік. Бұл бұзушылықты жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қазіргі таңда бұл бұзушылық жойылды деп айтсақ болады." Ғани Боранбаев, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі