Түркістан облысында тұрғын көршісінің ақшасы мен телефонын жымқырған

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында полиция көршісінің ақшасы мен телефонын ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазығұрт ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікке ілінген жас қызды анықтады.

Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Кешке пәтер иесінің үйден шыққанын пайдаланған қыз оның үйіне терезе арқылы кірген.

Содан кейін жатын бөлмеде тұрған сөмкеден 85 мың теңге мен үстелде қалған телефонды ұрлап кеткен.

Күдікті ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді