Мәжілісмендер кірістерді жылыстату саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелерін қарады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мәжіліс депутаттары ҚМА өкілдерімен кездесу аясында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылда Агенттіктің талдамалық құралдарды қолдану мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратынша, Парламенттің төменгі палатасының мүшелерімен кездесуде АЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманың ФАТФ стандарттарына сәйкестік мәселелері қозғалды.

Сондай-ақ, Агенттік өкілдері мен Мәжіліс депутаттары елдің ұлттық заңнамасына әзірленген түзетулерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

"Депутаттарға халықаралық стандарттар мен ұсынымдардың талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік беретін қауіпсіз қаржылық ортаны қамтамасыз етуге және заңнаманы бұзу тәуекелдерін азайтуға бағытталған ҚМА жобалары мен бастамалары таныстырылды",- делінген ҚМА ақпаратында.

Агенттік ұсынған инновациялық жобалар елдің кірістерді жылыстатуға қарсы жүйесінде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар АЖ/ТҚҚ саласында тиімді заңнамалық шешімдерді енгізу үшін Агенттікпен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Бұған дейін Тоқаевтың Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін тағайындағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі