"Боран, қар, көктайғақ". Синоптиктер 11 қарашада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11 қарашада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Мамандар алты өңірде қарлы боран болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Семейде жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Өскеменде де жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасың жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  - 15-20 м/с. Қостанайда түнде көктайғақ болады деп күтіледі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Павлодарда да жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-18 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда да түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Таразда тұман болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. 

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: