Астанада полицейлер дүкеннен ұрлық жасаған ер адамды ұстады

Сурет: Zakon.kz
Полицияға белгісіз біреудің дүкен ғимаратын ашып, мүлкін ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетінің арқасында 29 жастағы жергілікті тұрғын ізін суытпай анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам өз қылмысын мойындады. Белгілі болғандай, ол ғимаратқа еркін кіріп, жасырын түрде 50 қорап чипсы, екі бөтелке виски, 15 бөтелке коньяк және жеті бөтелке арақ ұрлап алып кетіп, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің ғимаратқа пластикалық терезе арқылы кіргенін анықтады. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түскен. Заттай айғақтар алынып, дүкен иесіне қайтарылды. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары азаматтарға сақтық шараларын танытып, мүлкін қараусыз қалдырмау керегін ескертті.


"Дүкендер мен үйлердің терезелері мен есіктерінде темір торлармен және сенімді құлыптар болған абзал. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй-жайларға бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнату қажет", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді