"Семей орманы" филиалының басшысы жалған дипломмен жан бағып келген

Фото: gov.kz
Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан "Семей орманы" МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеріс нәтижесі 2024 жылғы 15 қарашада ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

"Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады",- делінген ақпаратта.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

"Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды".Абай облысының прокуратурасы

Бұған дейін қазақстандықтар тегін скринингтің жаңа түрлерінен өтетіндігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі