Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейде қолға түсті

Фото: pexels
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы 2024 жылғы 18 қарашада Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.Осы жылдың шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды",- делінген ақпаратта.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

"Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген",- деп мәлімдеді ведомство. 

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар қаласында "жалған полицейлер" ұсталғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты