Қазақстандық фермерлерден астық сатып алуға Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлінеді

Фото: akorda.kz
"Азық-түлік корпорациясы" арқылы Үкімет резервінен нарықта қолайлы бағаларды ұстап тұру үшін шаруалардан астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2024 жылғы 18 қарашада Мәжілісте айтқандай, бүгін астық сатып алу бағасы жарияланады. Бірінші кезеңде шамамен 155 мың тонна сатып алынады.

"Ертең Үкімет отырысында қаралатын шығар, сатып алатын боламыз", – деді Айдарбек Сапаров.

Ол астық тасымалдау шығындарын субсидиялау ережелері қабылдау сатысында екенін айтты. Субсидияның бұл түрі астықты Қара теңіз, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

"Біздің астық Еуропа мен Африка, Кавказ және басқа да перспективалы нарықтарда бәсекеге қабілетті болады. Ережелер жақын арада қабылданады деп күтіп отырмыз. Министрліктердің барлығы дерлік келісті, тек бірнешесі ғана қалды. Осы аптада мәселелердің барлығын шешеміз деп ойлаймын", – деді министр.

Бұған дейін Алматы маңындағы бірқатар елді мекенге газ беру уақытша тоқтатылатындығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды