21 қарашада Қазақстанда теледидар мен радио жұмыс істемейді

Фото: pixabay
2024 жылғы 21 қараша, бейсенбіде Қазақстан аумағында теле-радио арналар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, "Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Сондықтан қазақстандықтарға алдын ала ескертіледі:

"2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады".

Сөз соңында уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Бұған дейін қазақстандық фермерлерден астық сатып алуға Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлінетіндігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды